|
Биыл Ильичевка селолық округінің Богодаровка мектебіне компьютерлер сатып алуға 350 мың теңге бөлінді, сондай-ақ оқу корпусында мектеп жасына дейінгі 12 балаға арналған шағын орталық ашылады. Бұл жөнінде ауыл тұрғындарына Шарбақты ауданының әкімі Сапаргелді Смағұлов есептік кездесуде хабарлады.
Богодаровкада минералды су шығаратын цех ашуға дайындық үстінде. Цех бұрынғы сыра зауытының негізінде құрылған, өндіріске арналған сертификат та алынып қойған. Кәсіпорында жаңа жұмыс орындары құрылуда, бүгінде екі жұмыссыз адам тіркелген селолық округта олар тіпті болмайтын болды.
Аудан басшысымен жазда «Жол картасы» бағдарламасы бойынша жөнделген Мәдениет үйінде болған кездесу жылы ықыласты жағдайда өтті – атқарушы билік проблемаларды шешуде, ауыл тұрғындарының өмірі жақсаруда.
|