|
Павлодар облысының Екібастұз басшысы Нұрлан Нәбиев қала активінің назарын Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған ұлттық экономиканың саралау және оның бәсекеге қабілеттігін арттыру міндеттеріне аударды.
Елдің Индустрияландыру картасы бойынша Екібастұзда биыл құны 457 миллиард теңге бес инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Олар: Екібастұз ГРЭС-2 стансасының үшінші энергоблогын құрастыру, Екібастұз ГРЭС-1 стансасын кеңейту, Бозшакөл кен-байыту комбинатын салу, «Восточный» разрезіндегі жаңа кешеннің құрылысы және жаңа наубайхананы іске қосу жобалары.
Ал аймақтық индустрияландыру картасы бойынша жүк вагондарын жасау өндірісі құрылуда, ферросиликоалюминий зауыты салынуда, қолданыстағы өндірістерді түрлендіру және техникалық қайта жарақтау жөніндегі үш жоба жүзеге асырылуда.
|